Араб деректерінің мәліметтеріне сүйенсек, IX ғасырдың соңы — X ғасырдың басында оғыздарда мемлекет қалыптасты.
Метка: көшпенділер
Қарлұқ қағанатының экономикалық жағдайының қарқынды дамуына мал шаруашылығы, металл өндірісі және өзге елдермен жүргізілген сауда айырбасы да әсер етті. Мәселен, қарлұқ қаласының құрамында негізгі тайпаларды құраған көшпелі түріктер мал өсіруді кәсіп еткен.
Шаруашылық-экономикалық жағынан алғанда екі негізгі шаруашылық жақсы дамыды. Біріншісі мал шаруашылығын көшпелі әдіспен жүргізу болса, екінішісі феодалдық қатынастар кезінде едәуір дамыған отырықшы-егіншілік болды.
Ертедегі түрік жазуларында кездесетін “таттар” батыс түріктеріне тәуелді, Жетісу аумағындағы отырықшы қоныстар мен қалалардың соғды тілдес тұрғындарына айтылған. Олар түрік қағандарына бағынышты болған. Сонымен қатар бұлар саудамен әрі ауыл шаруашылығымен де шұғылданған.
Ұлы Түрік қағанаты ыдырап, оның екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекетінің бірі – Батыс Түрік қағанаты.
Бүгін сендермен Түргеш мемлекетіндегі теңгелер туралы сөз қозғаймыз. Түргештердің мыс ақшасы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінде сақталған. Ол 2006 жылы «Сидақ» ортағасырлық қала жұртында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған.
Жетісудың оңтүстік-батысында маңызды сауда орталығы Тараз болды. Бұл мекен жөнінде деректемелерде «көпестер қаласы» деп айтылады. Шу аңғарында Суяб осындай қала болды. Онда түрлі елдердің саудагерлері аралас тұрды, ал қала тұрғындарының жартысы көпестер еді.
Осы уақытқа дейін көшпенділердегі ақшаның шығу тарихына тоқталған едік. Олар ақша орнына түрлі металлды пайдаланғанын да жақсы білеміз.
Алдыңғы жазбада Ұлы жібек жолының өркендеуінен қазақ жерінде қытайлардың ушу монеталары қолданыста болғанын айтып өткенбіз. Осыдан кейін Оңтүстік Қазақстан және Жетісу қалаларында Қытайдың басқа кайюань тунбао монеталары пайдаланыла бастады. Бұл Қытайдың қазіргі замандағы валютасының атымен ұқсас
Көшпенділер саудасы мен ақша айналысы қалалар дамуындағы аса маңызды факторлардың бірі болды. Қала материалдық игілікті өндіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге сауда да жасады. Бұл орайда оның екінші міндетін сол заман үшін ең маңызды деп санауға болады.