Адам күніне қанша сағат ұйықтауы керек?
Қазына кеңес 02 Сәуір, 2022

Ұйқы адам өмірінде үлкен маңызға ие. Мәселен, тым көп ұйықтаудың да ағзаға кері әсері бар. Нақтырақ айтсақ, 8 сағаттан артық ұйқы өмір сүру жасын қысқартады әрі адамды жиі күйзеліске ұшыратады.

Алматы маңайындағы ТОП-5 көрікті орын
Қазына кеңес 31 Наурыз, 2022

Есік Алматының шығыс тұсында шамамен қаладан 70 шақырым қашықтықта орналасқан. Өзен теңіз деңгейінен 1760 метр жоғарыда орналасқан. Ол Іле-Алатауларының Есік шатқалын бойлай ағуда.

Ақшаны қайда сақтаған дұрыс?
Қазына кеңес 30 Наурыз, 2022

Қыздар мен жігіттер, осы уақытқа дейін қаржылық сауаттылыққа байланысты пайдалы кеңестерді бөлісіп келеміз. Себебі қазіргі таңда заман ағымына қарай жеке бюджетті басқарудың қағидаларын білу маңызды.

Бүгінде маусымдық аллергиямен арпалысып жүрген жандардың қарасы көп. Бәлкім, бұл қатарда сен де бар шығарсың?! Ендеше біз ұсынған кеңестерге назар аудар!
Қазына кеңес 26 Наурыз, 2022

Аллергия басталса, бірден аллерголог дәрігерге қаралғаның жөн. Өйткені арнайы маман сенің жағдайыңды бақылап, дұрыс нұсқаулық тағайындап бере алады.

Күні бойы сергек жүруге арналған 5 әдіс
Қазына кеңес 25 Наурыз, 2022

“Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық», – деген қазақтың аталы сөзі көпшілікті ерте тұру мәселесіне бей-жай қарамауға шақырады.

Ақшаны қалай үнемдеуге болады?
Қазына кеңес 23 Наурыз, 2022

💸 Кез келген затты сатып алмас бұрын өзіңе ақшаны үнемдеуге көмектесетін қарапайым 3 сұрақты қой.

🔻Қандай мақсатта алғың келеді?
🔻Бұл қажеттілік пен әлде қалау ма?
🔻Аталмыш затты қаншалықты жиі қолданасың?

Міне, осы сұрақтарды қойғаннан кейін эмоцияға берілмей, саналы түрде шешім шығара аласың.

💸 Қаражатыңды жоспарлап үйрен. Күнделікті кіріс пен шығынды жазып отыр. Тіпті, 100 теңгені де жазуды ұмытпа. Ай соңында дәптеріңді ашып, ақшаның қандай мақсатта жұмсалғанын білесің.

💸 Ақшаның бір бөлігін жинауды әдетке айналдыр. Үнемдеуді жеңілдету үшін түсінікті әрі дұрыс жұмыс істейтін стратегияларды қолдан.

Мысалы, 5 конверт техникасын алып қарастырайық. Бұл әдіс бойынша шығын түрін анықтап, негізгі төлемді конвертке бөліп, салып қоясың. Осылайша ақшаны 5 бөлікке бөлесің.

➕60% – ай сайынғы шығындарға жұмсалатын қаражат;

➕10% – үлкен сомадағы қажеттілігіңе арналған ақша. Мәселен, қол сағатын алғың кеп жүр. Сен ай сайын түсетін қаржыдан 10%-ын үнемдеп отырсаң, оны сатып алуға мүмкіндік туады.

➕10% – жоспарланбаған шығындар үшін. Мысалы, күтпеген жерден телефон немесе ноутбук бұзылып қалуы мүмкін.

➕10% – демалыс үшін: театр, кино, мейрамхана шығындары.

➕10% – депозитке немесе арнайы сандықшаға жиналатын ақша. Бұл сәтте өзіңе қауіпсіздік жастығын қалыптастырасың.

Б. Авербах “Көп ақша табу – батырлық, оны сақтау – ақылдылық, ал үнемдеп жарата білу – өнер” деген екен. Ендеше сен де ақшаңды үнемдеуді бүгіннен баста!

Карточка және Айви Ли әдістері арқылы мақсатымызға қалай жетеміз?
Қазына кеңес 21 Наурыз, 2022

Уақыт – біздің өміріміздегі ең маңызды баға жетпес құндылықтарымыздың бірі. Егер өзіміздің күнделікті өмірімізге зер салатын болсақ, бос уақытымыздың өте көп екенін бағамдаймыз. Сол себепті уақытты үнемді және дұрыс пайдалану үшін күнделікті әрекеттерімізді назарға алуымыз қажет. Ал оның негізгі жолы – жоспарлау.

Жексенбілік демалысты қалай өткіземіз? ⠀
Қазына кеңес 18 Наурыз, 2022

Бұл күнді барынша тиімді өткіз. Не істеп жүргеніңе мән бер. Жеке отырып, күнделікті істеріңе зерттеу жаса. Әлеуметтік желілерден бас тартып, 10 минутыңды медитацияға арна. Күнделікті өмірдегі қарбалас тірлік ішкі сезімдеріңді тұмшалауы мүмкін.

Назарларыңа қаржылық сауаттылықты арттыратын ТОП-3 кітапты ұсынамыз📚
Қазына кеңес 16 Наурыз, 2022

Бұл кітап 1926 жылы жазылған. Авторы – Джордж Самуэл Клейсон. Мұнда Ежелгі Вавилондағы оқиғалар сипатталады. Кітап авторы өзінің бір әңгімесінде «Адамның байлығы оның әмиянындағы теңгенің санымен өлшенбейді. Байлық оның табысына байланысты айқындалады», – деген екен.